Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды

20 Шілде 2023, 15:23
1661
Бөлісу:
Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада қала келбетін дизаин-кодқа сәйкестендіру жұмысы қарқынды жалғасуда. Бүгінгі таңда 1500-ден астам заңсыз ілінген маңдайша мен жарнама баннері шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған 2019 жылы желтоқсан айында қала мәслихатымен бекітілген дизайн-код негіз болған. Алайда пандемия басталып жұмыс кейінге шегерілген. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту туралы нақты тапсырма қойған.

Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды

Жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.

Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды

Маңдайшалар қасбеттің негізгі фризінен ерекшеленетін фонсыз (субстратсыз) болуы керек. Негізгі жазу фриз биіктігінің 70%-ынан аспауы керек. Барлық белгі қасбеттің бір сызығында болуы керек және қажет болған жағдайда қасбеттің стиліне бейімделуі қажет. Белгілерде монохромды және үнсіз түстерді (пастелді реңктер) қолданған жөн. Нақты бір жағдайларда белгінің техникалық күрделілігі ретінде, Фриздің түсіне немесе құрылымына ұқсас фондық субстратқа рұқсат етіледі. Бұл жағдайда фриз немесе қасбет бөлігі бастапқыда жіксіз болуы керек. Маңдайшаларды жалпы симметрияны, қасбеттің визуалды қабылдауының тұтастығын бұзбайтындай етіп орналастыруы тиіс. Белгі ғимараттың архитектуралық элементтерімен қабаттаспағаны жөн, – дейді «Астана-Жарнама» МКМ басшысы Асылбек Төлемісұлы.

Бүгінгі таңда «Астана-Жарнама» МКМ мамандары жұмыс тәртібін бекіткен. Алдымен мүлік иелерінің бірлестігін ескертеді.

Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды

Олар өз кезегінде шағын және орта бизнес өкілдеріне хабарлама таратады. Егерде кәсіпкер 10 күн ішінде маңдайшаны немесе жарнаманы шешуге күші жетпесе аудандық әкімдік жұмысшылары жіберіледі.

Бірінші кезектегі жұмыс елорданың орталық көшелерінен, атап айтқанда Б.Момышұлы даңғылынан, №2 үйден, Республика даңғылынан, №5 үйден басталды. Апта сайын үй-жайлардың иелерімен бейберекет орналастырылған жарнаманы ауыстыру жайында кездесулер және түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Елордада заңсыз ілінген 1500-ден астам жарнама мен баннер алынды

Мысалға «Көркем» тұрғын үй кешенінің қасбеті жылдам ретке келтірілді. Өйткені кәсіпкерлер бір ауыздан қолдау білдірген.

Дәл сол сияқты Алматы көшесінің бойындағы «Айсанам» және «Ақжайық» ТК сырты келбеті де көз тартады.

Өзгелердің жаңалығы