Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

19 Қыркүйек 2020, 16:00
2484
Бөлісу:
Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтетін өңірлердің дәстүрлі жәрмеңкесін осы аптада Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырып жатыр.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

 Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Ақ күріштің отаны саналатын Қызылорда мен Ақтөбе облысынан астанаға 540 тонна өнім келді.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Жәрмеңке «Хан-Шатыр» СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) өтіп жатыр.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша өңірлер 540 тонна ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін әкелді. Соның ішінде 146 тонна күріш, 129 тонна картоп және көкөністер, 62 тонна ет, 30 тонна балық және балық өнімдері, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 30 тонна басқа да өнімдер бар. 

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Жәрмеңкедегі ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы қаладағы орташа нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Сыр өңірінен 70 өнім өндіруші тауарларын елордаға алып келді. Оның ішінде айдынды Аралдың сазан, шортан сияқты балықтары, Шиелінің қауын-қарбыздары, Қазалының кәмпиті және басқа да өнімдер бар. Барлығы егістіктен сөреге дейінгі экологиялық таза өнімдер. Тауарларды тасымалдау кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталды, - деді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Ақтөбеден облыстың 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келді.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Жәрмеңкеде елордалықтарға Ақтөбеден 62,0 тонна ет, 83,0 тонна картоп пен көкөніс,12,0 тонна сүт өнімдері, 5,0 тонна өсімдік майы,13,0 мың дана жұмыртқа, 5,0 тонна балық, 0,5 тонна бал, 7,0 тонна шұжық өнімдері, 5,0 тонна ұн өнімдері, 5,0 тонна алькогольсіз сусын, 19,0 тонна басқа да ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды.

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Қызылордадан Сыр елінің өнімдері тиелген 25 жүк көлігі келді. Атап айтсақ: балық және балық өнімдер – 25 тонна, күріш – 146 тонна, қауын, қарбыз – 96 тонна, асқабақ – 28 тонна, көкөніс, жемістер – 18 тонна, сүт өнідері, шұбат, бал, тары, талқан – 10 тонна. Сондай-ақ, Қызылорданың брендіне баланған балықты Арал мен Қазалы ауданындағы арнайы сервистік-дайындау орталықтары жеткізді. Ал сүт өнімдерін, басқа да тез бұзылатын тауарлар рефрижератор автокөліктер әкелді. 

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Елордадағы жәрмеңкені Ақтөбе мен Қызылорда жалғастырды

Айта кетейік, жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысуда. Келушілер санитария талаптарын қатаң сақтауы, міндетті түрде маска тағуы, антисептик қолдануы қажет.

Өзгелердің жаңалығы