Елордадағы Қорғалжын тас жолы жартылай жабылады

23 Сәуір 2020, 13:55
2170
Бөлісу:
Елордадағы Қорғалжын тас жолы жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара құрылыс жұмыстарына байланысты қабылданды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қорғалжын тас жолының Ш.Айтматов көшесімен қиылысатын аумағында ТМ-55 және ТМ-48 жылу магистральдары арасындағы бөгет салу аясындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда.
Осыған байланысты 23-30 сәуір аралығында аталған учаскеде, қоса берілген схемаға сәйкес, Қорғалжын тас жолы бойымен Үркер ауданына қарай автокөлік қозғалысы шектеледі, – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы