Елордада үздік құрылысшылар марапатталды

13 Тамыз 2022, 09:53
963
Бөлісу:
Елордада үздік құрылысшылар марапатталды

 Елордада қазақстандық құрылысшылар бас қосты. Үздіктері құрметке бөленді. Төл мереке қарсаңында еліміздің әр өңірінен келген барлығы 50-ге жуық маман төсбелгімен және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Хабар 24 сілтеме жасап. 

Оның бесеуі «Құрметті құрылысшы»және 30-ы «Еңбек сіңірген құрылысшы» атағын алды. Салтанатты шараға Қазақстан құрылысшылар одағы ұйытқы болды. 

Бүгінгі таңда Одақ саладағы 1200-ден астам кәсіпорынмен бірге жұмыс істейді. Шамамен 250 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  

 Қазіргі уақытта мына бірінші мәселе өзіміздін құрылысшыларға арзан ипотека жоқ, қаражат жоқ, сондықтан  кейбір құрылысшылардың қарқыны төмендеп жатыр. Екінші мәселе өкіметтін тапсырысын істеп жатқан мекемелерге ұақытында қаражатын төлеу керек,- Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Өзгелердің жаңалығы