Елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы&nbsp;Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық үстел ойындарының фестивалін өткізді, деп хабарлады ҚХА баспасөз қызметі.</h4>

 20 Тамыз 2019 2019, 15:31
20 Тамыз 2019 2019, 15:31
1952

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық үстел ойындарының фестивалін өткізді, деп хабарлады ҚХА баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Ассамблеяның және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар қозғалысының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала қонақтары қатысты.

"Фестивальдің негізгі идеясы – Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен тіл алуандығын көрсету, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында тығыз байланыс пен достық қарым-қатынас орнатып, әртүрлі ұлттың ойындарын үйренуге, мәдени мұраларымен танысуға мүмкіншілік жасау. Сондай-ақ үстел ойындарының шығу тарихы мен пайдасы туралы әңгімелеу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұйытқы болу", - делінген таратылған ақпаратта.

Фестиваль барысында үстел ойындары шеберлерімен кездесу ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары өткізілді. ҚХА этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғысхаттар тапсырылды.

Наверх