Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Сарыарқа ауданында қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Ә. Молдағұлова көшесінің бойынан ОРРО маркалы ұялы телефонды тауып алады, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Мұқаметәли Уәли патрульшілер қатардағы Бекзат Батырхан және Сымбат Рахатовпен бірге табылған телефон туралы байланыс құралы арқылы кезекшіге және патрульді топ бастығына баяндайды.
Араға біраз уақыт салып, телефон иесі де қоңырау соғады. Ұландықтар тұрған орындарын айтады. Межелеген жерге жоғалған телефон иесі келіп, ұландықтарға қырағылықтары мен қалтқысыз қызметтері үшін өз алғысын білдіреді.