Елордада "Учаске" жедел шарасы 1 айға созылды 

7 Қараша 2019, 20:44
2205
Бөлісу:
Елордада "Учаске" жедел шарасы 1 айға созылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара 15 қыркүйектен басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакиннің айтуынша іс-шара қолға алынғалы бері учаскелік инспекторлар 130 мыңнан астам пәтер мен 24000-ға жуық жеке үйді  аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 7500-ден астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
12000-ға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді. Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 2500-ге жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді. Жалпы "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 21 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.
"Ұсақ бұзақылық" 1500-ден астам, сонымен қатар, 6800-ге жуығы – ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша және т.б. Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 500-ден астам шетел азаматы анықталды.


Өзгелердің жаңалығы