Елордалық өрт сөндірушілер өрттен 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі Бөгенбай батыр 3 А мекенжайында шақыртуға келді.
Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үй кешенінің 2-12 қабат аралығында кабель шахтасында 36 ш.м.аумақта өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен 10 адам құтқарылды, оның 4 бала және өздігінен жоғарғы қабаттардан 25 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланған. Өрт толығымен жойылды, - делінген хабарламада.