Елордада Тоқтаров көшесінде жол қозғалысына шектеу қойылады

13 Маусым 2023, 18:02
556
Бөлісу:
Елордада Тоқтаров көшесінде жол қозғалысына шектеу қойылады
Фото: BAQ.KZ

Астана қаласында жөндеу жұмысына байланысты Тоқтаров көшесіндегі учаске жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тоқтаров көшесіндегі Сусамыр көшесінен Қ.Кеменгерлұлы көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 14-24 маусым күндері жоғарыда аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен шектеледі, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы