Тәттіқұмар қыз дүкеннен 35 мың теңгенің шоколадын ұрлап кетпек болды

7 Тамыз 2021, 17:36
4666
Бөлісу:
Тәттіқұмар қыз дүкеннен 35 мың теңгенің шоколадын ұрлап кетпек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 23 жастағы тұрғыны супермаркеттен 35 мың теңгенің тәттілерін ұрлап кетті.

Қыз тәттілерді екі үлкен сөмкеге салып, кассаның қасына келгенде қашып кетпекші болған. Супермаркет күзетшілері қашып кетпек болған қызды ұстап алып, полицияға тапсырған, - деді полиция.
Полицияда қыз ұрлық жасағанын мойындады, шоколад өнімдері толығымен тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуға және нысандарды бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.
Өзгелердің жаңалығы