Елордада тарихи нысандарға тегін экскурсия жүргізіледі

2 Қазан 2019, 21:46
1914
Бөлісу:
Елордада тарихи нысандарға тегін экскурсия жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи нысандарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылды. Экскурсияны әр сәрсенбі сайын кәсіби гидтер жүргізеді,  деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, елорданың көне тарихи-мәдени жерлеріне арнайы экскурсия ұйымдастырып отыр. Жобаның мақсаты елорд аумағындағы тарихи жерлерді халыққа кеңінен насихаттап, танымал ету. Астаналықтар экскурсия кезінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген 7  және басқа да тарихи нысандарды тамашалап, олардың тарихымен кеңірек таныса алады.

"Атап айтқанда  «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу  мемориалды мұражай кешені, Көпес Василий Кубриннің үйі, «Кубрин және ұлдары» көпестер серіктестігінің сауда үйі, Көпес П. С. Силиннің тұрғын үйі,  «Жасыл» мешітінің қоршауы, Бұрынғы мұсылман мектебі, Қалалық басқарма ғимараты, Гимназия (ХІХ ғ. аяғы) және т.б. тарихи ғимараттар бар. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында Қазақстанның қасиетті жерлері жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Экскурсияны арнайы дайындалған өлкетану мамандары жүргізеді. Оған қатысу үшін ұйымдастырушыларға алдын ала хабарласып, өтішім білдіру керек", - делінген таратылған ақпаратта.

Экскурсия әр сәрсенбі сайын сағат 10.00-де басталады. 

Өзгелердің жаңалығы