Елордада тағы бір көше құрылысқа жабылды

24 Шілде 2022, 12:17
896
Бөлісу:
Елордада тағы бір көше құрылысқа жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Сығанақ көшесінен Е22 көшесіне дейінгі учаскеде Е 51 көшесінің (Төле би) құрылысы» жобасы аясында жол-құрылыс жұмыстарын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 23 шілдесі мен 5 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тұран даңғылы бойындағы Төле би көшесінің Сығанақ көшесінен «Baspana» және «Nova City» тұрғын үй кешендеріне дейінгі учаскесіндегі көлік қозғалыс үшін ішінара жабылатын болады. Аталған учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, - делінген хабарламада. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. 

Өзгелердің жаңалығы