Елордада «Сүйікті астана» фотокөрмесі өтуде

1 Желтоқсан 2020, 19:55
2369
Бөлісу:
Елордада «Сүйікті астана» фотокөрмесі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Ruh.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен «Сүйікті астана» атты фотокөрме өтуде.

Н.Ә. Назарбаевтың идеясымен дүниеге келген сүйікті астана бүгінде өткеннің бай мұрасы мен қазіргі заманның ең жақсы жетістіктерін үйлестіре отырып, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның жарқын бейнесіне айналды.

Фотокөрмеге әуесқойлармен қоса, кәсіпқой фотографтар да қатысты.

Елордада «Сүйікті астана» фотокөрмесі өтуде

Көпшіліктің алдына қойылған жұмыстар байқау арқылы таңдалды. «Сүйікті астана» деп аталатын экспозицияға Елордаға деген сүйіспеншілікті көрсететін, ерекше тәсілмен түсірілген үздік кадрлар кірді.

Қазіргі күні ұялы телефоннан бастап фотоаппаратқа дейін суретке түсірудің сан түрлі техникалары бар. Барлығы фотосуреттің не екенін ұмытқан. Іс «аваға түсір» деумен ғана шектеледі. Аталмыш фотобайқау шығармашылықтың маңыздылығын байқатады. Әлбетте, жағымды, позитивті эмоцияларды қалаймыз. Біздің Елорда – әдемі қала. Көрмеге қойылған суреттер соның айқын дәлелі. Суреттерден өзгеше әсер алу үшін қаншама зейін, батылдық, аңғарымпаздылық қажет, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асел Тоқтарова.

Елордада «Сүйікті астана» фотокөрмесі өтуде

Фотокөрме 1-3 желтоқсан күндері аралығына дейін созылады. Елорда тарихына үңілгісі келетін кез келген адам көрмеге барып, сүйікті астанамыздағы әсем көшелер мен аспанмен теңескен зәулім ғимараттарға бір сәт саяхаттай алады.


Өзгелердің жаңалығы