Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында Универсиада өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.
Аталмыш іс шара Қазақстанның Тәуелсіздік алған күнінен бастап өткізіліп келеді. Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары спорттың 16 түрінен сынға түседі. Олар: волейбол (ерлер және қыздар), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, асық ату, шорт-трек, шағын футбол (қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (ұлдар), жазғы президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы және үстел теннисі.Алдағы жарысқа елорданың жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары жіберіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Командалық спорт түрінде (волейбол және шағын футбол қыздар және ұлдар) ойыншылар: "Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы", "Үздік шабуылшы" 3 (үш) номинациясы бойынша дипломдармен және кубоктармен марапатталады.