Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілде күні «Астана Арена» аланыңда тұңғыш рет қала күніне орай Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен концерттік бағдарламасы бар медия футбол лигасының жолдастық шоу-матчі өтеді.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстанда спортты дамытуға және танымал етуге, сондай-ақ спорттың инклюзивті мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ірі әрі көпшілікке ортақ мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Ойынға Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, «Великолепный Век» сериалының бас кейіпкері Эркан Кёстендиль, КВН Жоғары лигасының чемпиондары Дидар Ислам, Данияр Джумадилов, Галатасарай футбол командасының экс-ойыншысы Джихан Хасполатлы және басқа да танымал тұлғалар қатысады.
Аталған жоба спорт федерациясы қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.