Елордада «Соңғы қоңырау» тойлаған 96 жасөспірім полицияға жеткізілді

27 Мамыр 2022, 14:45
1918
Бөлісу:
Елордада «Соңғы қоңырау» тойлаған 96 жасөспірім полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу, сондай-ақ қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлады қалалық ПД қызметі.

Тәртіп сақшылары аулаларды, саябақтарды, скверлерді және басқа да жастар шоғырланған жерлерді тексерді. 

Тексеру барысында, сағат 00.56 шамасында «Сарыарқа» ауданының ювеналды полиция қызметкерлері Бабатайұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйді анықтады. Онда шамамен 10 адам болған, олардың ішінде 7-еуі кәмелетке толмаған мектеп бітіруші түлектер екені белгілі болды.

Мән-жайды анықтау үшін барлық көңіл көтерушілер Полиция басқармасына жеткізілді. Олар 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болып шықты, олар бір тәулікке үйді жалға алып, мектеп бітіруін атап өткен.

Полиция басқармасына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері де шақырылды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және олардың мінез-құлқын үйден тыс жерде бақылауға шақырады. 

Сондай-ақ, полиция кәмелеттік жасқа толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден сағат 6:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23:00-ден сағат 6:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы