Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 4-13 қараша аралығында қалалық аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жиын кезінде әскери міндеттілерге мынадай пәндер бойынша дәрістер өткізіледі: тактикалық дайындық; жалпы әскери жарғылар; әскери топография; инженерлік даярлық; радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ оқу-жаттығу атыстары. Бригаданың негізгі міндеті – қаланың маңызды стратегиялық нысандарын күзету және қорғау, ерекше кезеңде соғыс жағдайында қолдау көрсету.
Өзгелердің жаңалығы