Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды

21 Мамыр 2024, 11:13
264
Бөлісу:
Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды

Отырыс алдында алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушы делегациялары басшылары бірлесіп суретке түсті.

Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды

Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Үндістан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Д.Рави, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық дипломатия министрінің орынбасары М.Сафари, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ж.М.Кулубаев, Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.И.Дар, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддин, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.О.Саидов. Беларусь Республикасының Сыртқы істері С.Ф.Алейник, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және ШЫҰ АТҚ Атқару комитетінің директоры Р.Е.Мирзаев қатысып жатыр.

Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды

Отырыс аяқталғаннан кейін ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасайды.

Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды
Елордада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысы басталды
Өзгелердің жаңалығы