Елордада ерекше шырша тойы өтті

24 Желтоқсан 2019, 17:05
4981
Бөлісу:
Елордада ерекше шырша тойы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Шыршаға ерекше қажеттіліктері бар 200 бала қатысты, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде жетім балалар, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында көмек алып жатқан, SOS балалар ауылында қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиедегі балалар, мамандандырылған түзету мектеп-интернатында білім алып жатқан, инклюзивті сынып оқушылары шақырылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Бүгін біз сіздерге арнайы мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатымен жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырдық. Бұл Президенттік шырша сізге арналған. Жыл бойы сабақтарыңды жақсы оқыдыңдар. Барлық алға қойған арман-мақсаттарыңа жетіңдер. Сіздерге және  отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Келер жыл табысты болсын! Мемлекет сізді және сіздің отбасыңызға әрдайым қолдап, көмек көрсетеді, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Балаларға мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен шоу-қойылым ұйымдастырылып, әр балаға тәтті сыйлықтар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жыл нәтижелі болғанын атап өтті. Республикалық олимпиадаларда оқушылар 103 медальға ие болды, оның ішінде 21 алтын, 46 күміс және 36 қола медаль. Америка, Бразилия, Иран, Индонезия, Болгария, Грузия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядағы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда елорда оқушылары 53 медаль жеңіп алды, оның ішінде 9 алтын.
Өзгелердің жаңалығы