Елордада шаңғы тебу маусымы басталды

31 Желтоқсан 2023, 01:28
692
Бөлісу:
Елордада шаңғы тебу маусымы басталды
Фото: скрин

Елордада дәстүрлі шаңғы тебу маусымы ашық деп жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан үлкен-кіші сайманын арқалап, саябаққа келген.

Қатысушылар 14 санат бойынша сынға түспек. Әсіресе жастар жағы белсенді. Тоғызға енді толған балалар да көп ішінде. Жеткіншектер 500 метрді шаңғымен жүріп өтсе, ересектер жағы 5 шақырымдық межені еңсеруі тиіс.

Қысқы қызық мұнымен бітпейді. Гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс секілді спорт түрінен де мықтылар анықталды.

Бұл іс-шара 14-ші рет өтіп жатыр. Жылдан жылға қатысушылардың саны көбейіп жатыр. Кішкене балалар жақсы қатысып жатыр, - деді бас төреші Дәулет Хамзин.

Өзгелердің жаңалығы