Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада садақ атудан халықаралық Гран-при бәсекесі өтеді.
Халықаралық жарыс 15-22 қараша күндеріне жоспарланған. Турнир садақ атудан халықаралық дода садақ атудан Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Ли Светлананы еске алу мақсатында ұйымдастырылады.
Гран-при жарысына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия, Грузия, Тәжікстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысады.