Елордада сәбидің еміне арналған қайырымдылық концерт өтеді

8 Сәуір 2023, 12:54
3490
Бөлісу:
Елордада сәбидің еміне арналған қайырымдылық концерт өтеді
Фото: egemen.kz

 16 сәуірде Астана қаласы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда қайырымдылық концерт өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Концерттен түскен қаражат толығымен 2 жасар Айзере Ануарбектің еміне жұмсалады. Қайырымдылық кеште Досымжан Таңатаров, AUKA, Айдын Жұмабай, Мұратбек Хайролда, Мұхтар Ұлғасбаев сияқты эстрада әншілері мен Мәди Еламанов, Аслан Қанапин сияқты жас өнерпаздар ән шырқайды.

1600 орындық концерт залын толтыру оңай емес екен. Сатылым баяу жүріп жатыр. Сондықтан қасиетті Рамазан айында астаналықтар мен қала қонақтарынан қолдау сұраймыз. Билеттер 2-5 мың теңге арасы, – дейді концерт ұйымдастырушыларының бірі Нұржайнат Айтпайқызы.

Елордада сәбидің еміне арналған қайырымдылық концерт өтеді

«Сәбиге үміт сыйла» қайырымдылық концертіне билетті Тикетон сайтынан сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы