Елордада ұры дүкенде әйелдің телефонын үптеп кетті

19 Қыркүйек 2019, 13:29
2240
Бөлісу:
Елордада ұры дүкенде әйелдің телефонын үптеп кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы дүкенде әйелдің телефонын ұрлап кеткен видеоны жариялады.

Дүкенге баласымен азық-түлік алуға келген әйел телефонын ұрлатып алады. Сөредегі  өнімдерді таңдап тұрған ол,  сыртынан ұры бақылап тұрғанын байқамайды.

«Әйел баласымен сөреден азық-түлік таңдап тұрған сәтте ұры білдірмей ғана әйелдің қалтасынан телефонын алып шығады. Кейін телефоны жоғалғанын білген ол, полицияға хабарласады. Қалалық криминалды полиция департаментінің қызметкерлері көп уақыт өтпей күдіктіні ұстады» , - деп хабарлады ведомствода.

Күдікті бұрын да осындай қылмыстары үшін сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция одан ұрланған телефонды тәркіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы