Елордада рецидивист ұры ұсталды

18 Маусым 2022, 18:20
1795
Бөлісу:
Елордада рецидивист ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Алматы» аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тұрақты мекенжайы жоқ 42 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдікті азаматтың бұрын сотты болғанын анықтады. Дұрыс жолға түспей, бұрынғы ісіне қайта басқан ер адам тағы да ұрлық жасауды бастаған. Негізінен, үшінші тұлғалардың жоқтығын пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлаған.

Махмуткули көшесіндегі үйдің ауласында болған ол, ашық тұрған кіреберіске кіріп, құны 70 мың теңге тұратын "БМВ" маркалы велосипедтің құлыпқа бекітілмегенін байқап, оны ұрлап кеткен.

Келесі күні Рысқұлбеков көшесімен келе жатып, "Форвард" маркалы велосипедін көрген. Уақыт өте келе, ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Осылайша, ұрланған мүліктің иесіне 30 мың теңге көлемінде залал келтірген.

Қазіргі уақытта ер адам елорда аумағында осыған ұқсас 3 ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы