Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полицияға қала тұрғыны арызданып, оған шала танысы қонаққа келіп, 80 мың теңге тұратын «Xiaomi Redmi» маркалы ұялы телефоны мен ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтты.
Тергеу барысында анықталғанындай, дүкеннің жанында 51 жастағы ер адам 63 жастағы әйелмен екеуі де алкоголь сатып алып жатқан кезде танысқан. Ер адам таныстықты жалғастыру үшін әйелді үйіне қонаққа шақырған. Содан кейін, екеуі бірге алкогольді ішімдіктерді ішкеннен кейін, ханым ер адамның ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, ұялы телефонын, ақшасын ұрлап алып бөлмеден шығып кеткен.
Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге ескертеді.