Елордада «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

7 Қыркүйек 2023, 09:45
756
Бөлісу:
Елордада «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Фото: Астана қаласы ПД

5-9 қыркүйегі аралығында елорда аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруын, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тәркілеу, сондай-ақ есірткі құралдарын тәркілеу мақсатында ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйегі аралығында елорда аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер азаматтық қару иелерін, тұрғын алаптарын тексереді.

Мәселен, тәулік ішінде қаруды тіркеу немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 486-бабы бойынша 5 факті, қару айналымы ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтҚРК 484-бабы бойынша 4 факті анықталды.

Іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 29 жастағы тұрғынының «ИЖ» маркалы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша қарудың екі ұңғылы, тегіс ұңғылы, қолдан жасалған және атуға жарамды атыс қаруы екендігі анықталды.

Астана қаласының Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы