Елордалық құтқарушылар екі кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, А-102 көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі бала анасы көршілеріне шығып кеткенде есікті жауып, қайта аша алмай қалған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен пәтерге кіріп, балаларды аман-есен анасына тапсырды, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.