Елордада полиция қызметкері бассейнге батқан баланы құтқарып қалды

7 Тамыз 2023, 09:12
764
Бөлісу:
Елордада полиция қызметкері бассейнге батқан баланы құтқарып қалды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Оқиға елордалық қоғамдық бассейндердің бірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды.

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды.

Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол “Есіл” ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған.

Назым Шәріпова қазақстандық полицейлердің жақсы дайындығын және төтенше жағдайларда жылдам әрекет ету қабілетін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы