Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айында полицияға елорданың 15 тұрғыны олардың атына шағын несие беру ұйымдарында онлайн-несиелерді алаяқтық жолмен ресімдегені туралы жүгінген.
Барлық факті бойынша ҚК 190-бабы 2-бөлігі (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған қылмыстарды жасауда бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған ШҚО-ның 30 жастағы тұрғыны әшкереленді.
Ер адам 2021 жылы жәбірленушілердің жеке деректерін пайдалана отырып, оларға микрокредиттік ұйымның интернет-порталы арқылы 50 000-нан 100 000 теңгеге дейінгі сомаға кредиттер ресімдегені анықталды. Жалпы материалдық шығын 1 200 000 теңге. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Интернет-алаяқтық бойынша күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полиция 5 айнда Нұр-Сұлтан қаласының аумағында несиелерді заңсыз рәсімдеудің 250-ден астам фактісі тіркелгенін атап өтті.