Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір құтқарылған әйел №2 Көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, ағымдағы жылдың 5 маусымында сағат 13:46-да 112 шұғыл нөміріне әйел адамның өзіне қол жұмсау әрекеті кезінде Тұран даңғылындағы көпірден Есіл өзеніне секіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Осы сәтте аталған оқиғаның куәгері 1987 жылы туған Азамат Қамшыбаев бірден әйелді құтқару үшін дереу суға секіріп, ес-түссіз жатқан әйел адамды жағаға шығарды. Сол уақытта елордалық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері азаматтық қорғаудың кіші сержанты Данат Бекмағамбетов пен азаматтық қорғаудың кіші сержанты Мұрат Аманжолов әйелдерді құтқару үшін көпір арқылы оң жағалауға көмекке келді. Зардап шеккен адамға көмекке келген Данат пен Мұрат және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Амангельдинов Ислямбек, Омаров Мәулен және Култаев Арман бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Ұзақ жүрек-өкпе реанимациясынан кейін бірлескен күш-жігермен зардап шеккен адамның тынысы мен жүрек соғысы қалпына келтірілді. Құтқарылғаннан кейін зардап шеккен әйелге тиісті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық қызметке тапсырылды. Құтқарылған әйел №2 Көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз: