Елордада өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды
20 Мамыр, 15:29 479

Елордада өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай веложарыс өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара 28 мамырда өтеді. 

Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.

Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.

Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.

Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылған жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...