Елордада өрттен екі көлік жанып, бір адам зардап шекті

Елордалық өрт сөндірушілер ТҚКС-да өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 7 Ақпан 2025 2025, 07:50
7 Ақпан 2025 2025, 07:50
525
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елордалық өрт сөндірушілер ТҚКС-да өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде Астанадағы Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы ашық жалынмен тұтанды.

Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттен 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігі зақымданды. 1986 жылы туған жалға алушыны күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар жоғары дәрежелі шақыруды жариялап, күштер мен құралдарды тез арада арттырғанның нәтижесінде жедел штаб көрші бокстарға өрттің таралу қаупін жойды.

Наверх