Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгiн, 01:29
186
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Елордада жеке тұрғын үйде өрт шықты, екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық 112 пультіне Сарыарқа ауданы, С. Қожахметов көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды.Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің шатырында шыққан өртті сөндірді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар жанып жатқан үйден екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды.

Өрт 250 ш.м. алаңда толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы