Елордада қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 68 рет жол ережесін бұзған

31 Қазан 2019, 07:55
1782
Бөлісу:
Елордада қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 68 рет жол ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік тәртібін жақсарту және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол қозғалысы қағидасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 21-27 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері такси автокөлігін тоқтатқан, такси жүргізушісінен арақ исі шығып тұрған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші мас күйінде болған. Осы факті бойынша таксопарктің лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Осылайша, іс-шарасын өткізу кезінде 2118 ЖҚҚ өрескел бұзушылық анықталған, оның ішінде 600 - жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидасын бұзушылық, 100 - ТҚ техникалық тексеруден өткізбей жүргізу, 52 - бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай жүру, 38 - жаяу жүргіншілердің қозғалысына мүмкіндік бермеу, 34 - көлікті жүргізу құқығынсыз басқару, 32 - апаттық жағдай жасау, 29- теміржол өтпе жолынан жүру қағидасын сақтамау, 24 - қозғалыстың қарама-қарсы жолағына шығу, 20 – көлікті мас күйінде жүргізуге байланысты бұзушылық, 5 - көлік жүргізу құқығынан айырғанына қарамастан  көлікті басқару", - делінген хабарламада.

Қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол берілген 68 ЖҚҚ бұзушылық анықталды. Оның ішінде 11 - еңбек және демалыс режимі тәртібін сақтамау, 4 - факті тиісті куәліксіз тасымалдау (заңсыз тасымалдау), оның ішінде 4 факті таксимен тасымалдауға қатысты болды. Қоғамдық көлік желісіне шығару бойынша барлық анықталған факті бойынша таксидің заңды тұлғаларына қатысты 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы