Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 желтоқсанда Ататүрік саябағында тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік пайда болады. Нысан Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Құрылыстың жалпы ауданы 720 м2-ден асады. Ұзындығы - 40 м, ені - 18 м. Елордалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябақ көптеген пластик, металл және ағаш элементтерден жасалған.
Бұл қызықты спорт түрі тұрғындар мен елорда қонақтарының қысқы демалысын түрлендіре түсетініне сенімдімін, - деді Елнар Базыкен.
Сноупарк аумағында жаңадан бастаушыларға қажетті жабдықты жалға беруді ұйымдастыру жоспарлануда, нұсқаушылар әуесқойларға сабақ береді. Кешке сноупарк шамдармен жарықтандырылады. Осылайша, экстремалды спорт түрлеріне әуесқойлар үшін күндізгі ғана емес, түнгі шаңғы тебуді де ұйымдастыру жоспарлануда.
«Нұр-Сұлтан - жайлы қала» бас жоспарына сәйкес бұқаралық спортты кеңінен насихаттау үшін қоғамдық орындар салынады. Қызықты жерлер тек жазда ғана емес, сонымен қатар қыс мезгілінде де болуы керек. Бұл міндетті урбанистер аудан әкімдіктерімен бірге жүзеге асырады. Мұндай орындарды бүкіл қала бойынша құру жоспарланып отыр, - деді Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Нұрлан Уранхаев.
Ататүрк атындағы саябақта сноубордшылар мен шаңғышыларға арналған сноупаркпен біге мұз айдыны, конькимен сырғанауға арналған мұз айдыны және аниматорлары бар Аяз ата үйі салынады. Жылы орындар мен кофеханалар да ұйымдастырылады.