Елордада Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. Серуендеп жүрген Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылды. Оның жедел әрі батыл әрекетінің нәтижесінде 1963 жылы туған ер адамның өмірі аман қалды.
Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Мұхаметкалиұлы Күлдіков Айткен Азаматқа медальді табыс етіп, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.