Елордада мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар марапатталды

1 Қазан 2019, 14:46
2009
Бөлісу:
Елордада мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада  XXI «Menin tilim - uly dala ruhy» қалалық тіл фестивалінің салтанатты кеші өтті. Шарада мемлекеттік тілді насихаттап, дамытуға үлес қосқан қаланың белсенді тұрғындарына қала әкімінің атынан сыйлықтар табысталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты кешті қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ашты. Ол жыл сайын тіл фестивалі аясында елордада 300-ге дейін түрлі бағыттағы іс-шара өтетін атап өтті, оның барлығы мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған.

«Дәстүрге айналған фестивальді біз күзде өткіземіз, бұл кезде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған басқа да шаралар өткізіледі. Бұл «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» отырысы, «Тіл-аманат» акциясы, «Ой-зерек» интеллектуалдық жарысы, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы және т.б. Елорда әкімінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің маңдайшаларындағы жазуларды латын қарпіне ауыстыру жұмысы жүріп жатыр», - деді Бақтияр Мәкен.
  
Сондай-ақ ол келесі жылы ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығы аталып өтілетінін еске салды.

«Абай даңғылы бойында қазақ жазушыларының аллеясын аштық. Айта кетейік, сол аллеяда Сәкен Сейфуллин, Ильяс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіш орнату жоспарланып отыр», - деді әкімнің орынбасары.

Салтанатты жиында мемлекеттік тілді дамытуға сүбелі үлес қосқан белсенді тұрғындар қала әкімінің «Tyl Tugyry-2019» сыйлығымен марапатталды. Шараның ресми бөлігі эстрада жұлдыздарының концертіне жалғасты. 

Өзгелердің жаңалығы