Елордада мектеп оқушылары арасында «Зерде» конкурсы өтті

22 Қаңтар 2021, 22:05
1547
Бөлісу:
Елордада мектеп оқушылары арасында «Зерде» конкурсы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс 2021 жылғы 12-13 қаңтарда онлайн режимде ұйымдастырылды.

Жобаларды қорғау 9 секция бойынша өтті:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті
2. Орыс тілі мен әдебиеті
3. Математика, информатика
4. Физика, техника
5. Медицина, психология
6. Тарих, өлкетану, этномәдениеттану
7. Химия, биология
8. Экология, валеология
9. Робототехника.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 89 білім беру мекемесінен 558 оқушы қатысып, бас-аяғы 504 жұмысын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша құрамына елордалық жоғары оқу орындарының ғалымдары енген қазылар алқасы 279 оқушының жобасын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы