Елордада мектеп директорына 52,3 млн теңге айыппұл салынды

6 Қараша 2024, 11:36
638
Бөлісу:
Елордада мектеп директорына 52,3 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Нұркен Алишев -архив

Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы