Елордада Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Соған байланысты 8 маусым күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады.
Жұмыстарды кезең-кезеңмен: 1 кезең - Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін. 2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін жүргізу жоспарлануда, - деп атап өтті қала әкімдігінен.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.