Елордада маса мен шыбын-шіркей улаудың тағы бір кезеңі аяқталды

17 Тамыз 2021, 14:20
7136
Бөлісу:
Елордада маса мен шыбын-шіркей улаудың тағы бір кезеңі аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мердігерлік ұйымы «Астаналық дезинфекция» ЖШС қалада маса мен шіркейдің санын азайту бойынша жұмыстардың төртінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Шыбын-шіркейді улау жұмыстары барлығы 6 тур бойынша жүргізіледі. Ашық станциялардағы дезинсекциялық шаралар елорданың орталығынан басталып, қаланың шетіне дейін жалғасады. Барлығы 23 697 мың м2 ашық аумақта өңдеу жүргізілді.

Қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары елорданың шет жақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмыстар арнайы дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары (ОФҚ) класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіштер, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылды.

111 тіркелген (тұрақты) су айдындарында және 123 уақытша пайда болған таяз суларда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Өңдеу жүргізілгеннен кейін «Астаналық дезинфекция» ЖШС қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі тұрғысынан ішінара сауалнама жүргізді. Нәтижелер дезинсекциялық жұмыстардың сәтті жүргізілгенін көрсетті, қала тұрғындары масалардың жоқтығын растап, жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді.


Өзгелердің жаңалығы