Елордада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады

Бүгiн, 08:45
124
Бөлісу:
Елордада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады
Фото: baq.kz

2 қыркүйек, сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Астана жұлдызы» айналмасынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауаптылар тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылатынын атап өтті.

LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі. Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деп жазылған City Transportation Systems ЖШС мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы