Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінде «Елорда тұрғындарын вакциналау» тақырыбында тікелей эфирде өткен брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова індетке шалдыққандар туралы айтып берді.
Осы уақытқа дейін біз вакцинацияны қабылдау әркімнің жеке шешімі деп есептедік. Бұл шынымен де солай. Бірақ сіз үйден шыққанға, жұмыстан келгенге, басқа адамдармен байланыс орнатқанға дейін, - дейді ол.
Айтуынша, статистика көрсеткендей, індетке шалдыққандардың басым көпшілігі қоғамдық көлікті белсенді пайдаланатындар және адамдар көп жиналатын орындарға баратын кісілер, сауда орталықтарына, ойын-сауық және мәдени мекемелерге, барлар мен мейрамханаларға баратындар.
Бұл аурудың негізі өсуіне түрткі – жұмыс істейтін адамдар тобы. Сондықтан ағзаны сенімді қорғау қажет. Ағзаны вакцина арқылы қорғау керек. Біз ең қысқа мерзімде жаппай вакцинациялау және қорқынышты ауруды тоқтату, адам өлімін болдырмау үшін бәрін жасауға міндеттіміз, - деп атап өтті Сархат Бейсенова брифингте.
Дәрігер елордалықтардан осындай қажетті және жауапты шешімді дұрыс түсініп, қолдауларын сұрады.
Вакцинациямен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау, қорғаныс маскаларын тағу, қол гигиенасын сақтау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау сияқты алдын алу шараларын сақтау өте маңызды. Ең бастысы бұқаралық және ұжымдық іс-шараларға қатыспау және ұйымдастырмау қажет, - деп түсіндірді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.