Елордада көпір өртенді

14 Шілде 2022, 22:23
1279
Бөлісу:
Елордада көпір өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірі өртенді.

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, көпір тірегіндегі 40 шаршы метр электр кабелі жанған.

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және электр желісі компаниясының қызметкерлері сағат 16.27-де оқиға орнына шықты.

Өрт сағат 17.54-те ауыздықталып, сағат 18.05-те сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД.

 

Өзгелердің жаңалығы