Елордада Конституция күніне орай өтетін іс-шаралар

26 Тамыз 2020, 15:47
3707
Бөлісу:
Елордада Конституция күніне орай өтетін іс-шаралар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтсақ, 10-29 тамызда «Конституция бостандықтың кепілі» ән челленджі басталады.

14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты болады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 15-31 тамыз аралығында иллюстрациялық кітап – онлайн-инсталляция ұсынады.

Ал, 25 тамызда «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет сайысы өтеді. 26 тамызда Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ата заңым – ардағым» ақындар сайысы ұйымдастырылса,

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві 27 тамыз-4 қыркүйек аралығында Конституцияның 25 жылдығына арналған көрме өткізеді.
28 тамыз күні «Наз» мемлекеттік би театры «Ата заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты онлайн концерт қояды.

Сондай-ақ 28 тамызда «халық доп» бойынша «Елордалық балалар – спорттық ауысым» атты чемпионат оздырылады. 29-30 тамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған ЭМБ қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

«Жастар театры» 30 тамыз күні әлеуметтік желілер арқылы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты онлайн-концерт тарту етеді. Дәл сол күні «Nomad» театры актерлері патриоттық әндермен онлайн құттықтау жолдайды.

30 тамызда елордалық филармония әртістері Астана концерт залында

Конституция күніне арналған концерт өткізеді.

Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен қоғам белсенділерін марапаттау жоспарлануда.


Өзгелердің жаңалығы