Елордада көлік басқару құқығынан айырылған такси жүргізушісі ұсталды

24 Ақпан 2022, 02:25
1319
Бөлісу:
Елордада көлік басқару құқығынан айырылған такси жүргізушісі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Сығанақ көшесі бойымен жүріп келе жатқан «Hyundai» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Аталмыш көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуін тақпаған.

Құжаттарды тексеру кезінде такси жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.

Жүргізушіге қатысты 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін 593-бабына сәйкес такси жүргізушісіне тағы да 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — деп жазылған хабарламада.

Тәртіп бұзушының автокөлігі коммуналдық уақытша авто-тұраққа қойылған.

Елорда аумағында 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтіп жатқан "Автобус" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары екі жүзден аса заңбұзушылықты анықтаған.
 

Өзгелердің жаңалығы