13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" айлығы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады.
Экологиялық айлық аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі.
Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда.
Қала кәсіпорындарының, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерінің (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары және басқалар), оқу орындарының, еріктілер мен барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды экологиялық айлыққа қатысуға шақырамыз, - делінген әкімдіктің хабарламасында.