Елордада қоғамдық жолаушылар көлігінің жаңа бағдары ашылды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 тамыздан бастап елордалық қоғамдық көлік жаңа №26 қалалық бағдармен толығады. </p>

 30 Тамыз 2021 2021, 15:31
30 Тамыз 2021 2021, 15:31
12017

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 тамыздан бастап елордалық қоғамдық көлік жаңа №26 қалалық бағдармен толығады.

Жаңа бағдар «Агроқалашық («Айдана» дүкені) - «Бағыстан» ТК» хабарламасымен қатынайтын болады және Байсейітова, Конституция, Қарталы, Қарасай батыр, Біржан Сал, Гёте, Есенберлина, Бейбітшілік көшелері мен Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Тұран, Ұлы дала даңғылдары арқылы жүреді, - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңа бағдар «Бағыстан» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.

Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.



Наверх