Елордада қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне қандай өзгеріс енгізіледі?

29 Наурыз 2021, 21:28
1221
Бөлісу:
Елордада қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне қандай өзгеріс енгізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шектеулерді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 30 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өзгерістер қалалық қоғамдық көліктің жұмысына да әсер етті. 

Қалалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері штаттық режимге сәйкес, ал жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру қажет. Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген қаулыда. 

Жолаушылардың қоғамдық көліктерге маскасыз кіруіне тыйым салынады. Ал жолақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ғана жүзеге асырылады. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Өзгелердің жаңалығы