Елордада халықаралық жастар күніне арналған универсиада өтеді

25 Қазан 2019, 04:58
1630
Бөлісу:
Елордада халықаралық жастар күніне арналған универсиада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясының астаналық филиалы қалалық әкімдікпен бірлесіп, 16-17 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері арасында универсиада өткізеді, деп хабарлады "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметі. 

Спорттық жарыстар жастар жылы аясында халықаралық жастар күніне арналған. Студенттер спорттың алты түрінен сайысқа түседі: волейбол, армрестлинг, үстел теннисі, гир спорты, шахмат және асық ату.

"Универсиаданың басты мақсаттарының бірі - республикалық, қалалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін құрама командаға талантты спортшыларды іріктеу. Байқауға қатысу үшін өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады", - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы